Мағжан жыры - мәңгілік


Бұлақ орта мектебінің ұжымы аудан орталығы Явленка селосында өткен "Мағжан жыры - мәңгілік" атты мәдениет мекемелері арасындағы байқауға қатысып, өз өнерлерімен көрермен қауымын тәнті етті. Ақынның "Батыр Баян" поэмасының желісімен қойылған көрініс көпшіліктің көңілінен шығып, жоғары бағаға ие болды. Мектеп ұстазы Ж. А. Калиева оқыған Мағжан Жұмабаевтың "Жан сөзі" өлеңі де тыңдарманды елітпей қойған жоқ. Бір жағынан мектептегі қызметтерімен, екінші жағынан үй қамымен жүріп, байқауға жоғары дайындықпен келген мектеп ұжымына үлкен алғыс айтамыз!

Image

Байланыстар

Мекен-жайы: CҚО Есіл ауданы
Бұлақ ауылы С.Мұқанов 15

Тел.: 8(715) 4352706
Пошта: bulakskaysrh@mail.ru

Пайдалы сілтемелер

Жол жүру сызбасы

© 2024 Мектеп v1.0

Ақпарат:

Email: xxx@mail.ru
Тел: 8 (xxxx) xx-xx-xx